Loading...

Атырауда инклюзивті сынып ашылды


АТЫРАУ. ҚазАқпарат — Атыраудағы «Авангард» ықшамауданындағы №3 гимназия-мектебінде инклюзивті сынып ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инклюзивті сыныптың ашылуына Атырау облысы Білім басқармасының қызметкерлері, қалалық білім бөлімінің инклюзив бойынша жауапты маманы, Атырау облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мекемесінің басшысы, мектеп ұжымы мен ата-аналар қатысты. Қазірдің өзінде сыныпта 5 бала білім алып жатыр.

Мұнда психологиялық дамуында аутизм белгілері бар балаларды АВА әдісі бойынша оқыту көзделген. Педагогтардың сүйемелдеуімен оқушыларды қалыпты балалардың қатарына қосу орталық мамандарының мақсаты. Сынып «Инклюзия болашақ — Атырау» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, «СОС» компаниясының қолдауымен ашылды. Жиында білім басқармасы қызметкерлері инклюзивті сыныптар ашу жұмыстарын жүргізуге қолдау білдіргені үшін Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевқа алғыс білдірді.
Айта кетейік, бүгін, 13 қыркүйек күні қаладағы №24 орта мектепте де «инклюзивті сыныптың» ашылу рәсімі өтетін болады.

Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/atyrauda-inklyuzivti-synyp-ashyldy_a3565568”

SOCIAL NETWORK
Иследования
Обзоры
Теги
Поиск
О НАС
  • На нашем сайте вы всегда можете найти ежедневно обновляемые актуальные новости со всех регионов странны, без субъектива и политической ангажированности. Среди основных рубрик нашего сайта, которым мы отдаём предпочтение стоит выделить новости экономики, новости политики, новости строительства и недвижимости, новости туризма и новости здравоохранения.

Бизнес-планы
Go to TOP