Loading...

Баянауылда асық ату спортынан Қазақстан чемпиондары анықталды


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысы Баянауыл ауданында асық спорты ойынынан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баянауыл ауданында асық атудан өткен чемпионатқа ұлттық ойыннан 60 сұрмерген өзара сынға түсті.

Биылғы чемпионатта командалық есепте ерлер арасында Қостанай, Нұр-Сұлтан, Солтүстік Қазақстан облысынан келген спортшылар топ жарды. Ал қыздар арасындағы бестас ойынында Қостанай, Қызылорда және елорда командасы алғашқы үш орынды өзара бөлісті.

«Өткен жылы мұндай чемпионат Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында өткен еді. Биылғы ардагерлер арасындағы жарыс өткен жылғымен салыстырғанда жоғары деңгейде болды. Асықшылардың шеберліктері жыл сайын көтеріліп, мергендіктері арта түскен», — дейді Нұр-Сұлтан қаласы асық федерациясының президенті Ескендір Рахметов.

Сондай-ақ, асық атудың ардагерлерінің арасында ақмолалық Науан имам жақсы ойын көрсетті. Ауыл имамы Балуан Шолақ атындағы Ұлттық спорт түрлерінің жасөспірімдер спорт мектебінде екі жыл жаттығып жүр.




Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/bayanauylda-asyk-atu-sportynan-kazakstan-chempiondary-anyktaldy_a3558526”

SOCIAL NETWORK
Иследования
Обзоры
Теги
Поиск
О НАС
  • На нашем сайте вы всегда можете найти ежедневно обновляемые актуальные новости со всех регионов странны, без субъектива и политической ангажированности. Среди основных рубрик нашего сайта, которым мы отдаём предпочтение стоит выделить новости экономики, новости политики, новости строительства и недвижимости, новости туризма и новости здравоохранения.

Бизнес-планы
Go to TOP