Loading...

Ақмола облысының әкiмi Израиль Елшiсiмен кездестi


КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Израиль Мемлекетiнiң Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Лиат Вексельман ханыммен кездестi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту бөлiгiнде тараптардың перспективалы қарым-қатынастарының мәселелерi талқыланды. Облыс әкiмi израильдiк инвестицияларды, технологиялар трансфертiн тартуға қызығушылық танытты.

Израиль мемлекетi бүгiнгi таңда агротехнологиялар, жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы салаларында беделдi болып табылады.

Ақмола облысының жағдайында мұндай технологияларды енгiзу өзара ұтымды және пайдалы шарттармен агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың жаңа деңгейiне шығуға мүмкiндiк бередi.

Сонымен қатар, тараптар бiрқатар бастамаларды жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қолдану мақсатында өңiрге келуi үшiн израильдiк бизнесмендер делегациясын құру туралы келiсiмге қол жеткiздi.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/akmola-oblysynyn-akimi-izrail-elshisimen-kezdesti_a3558215”

SOCIAL NETWORK
Иследования
Обзоры
Теги
Поиск
О НАС
  • На нашем сайте вы всегда можете найти ежедневно обновляемые актуальные новости со всех регионов странны, без субъектива и политической ангажированности. Среди основных рубрик нашего сайта, которым мы отдаём предпочтение стоит выделить новости экономики, новости политики, новости строительства и недвижимости, новости туризма и новости здравоохранения.

Бизнес-планы
Go to TOP