Loading...

Адам капиталына салынған инвестиция елдің дамуына септігін тигізеді - Қазақстан Президенті


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы өзінің баяндамасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарының, 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының және ауқымды инфрақұрылымдық және индустриялық бағдарламалардың табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

- Біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдердің өмір сүру сапасы жөніндегі стандарттарын енгізуді негізге алдық. Салық, кәсіпкерлік, зияткерлік меншік және қаржы саласындағы заңнамамызды дәйекті жетілдіріп келеміз. Қазақстан посткеңестік кеңістікте бірегей институт — «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрды. Соның арқасында Қазақстан өзінің мақсатына — әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға жақындап келеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


null

Қазақстан Президенті әлемдегі болып жатқан үдерістердің ел экономикасына тікелей әсер ететінін айтып, жаһандық экономиканың дамуына ықпал ететін Төртінші өнеркәсіптік революция, геосаяси және сауда-экономикалық қатынастардың қазіргі тұрақсыздығы сияқты негізгі факторларды белгілеп берді.

- Автоматтандыру және цифрландыру жұмыс күшінің құнын айтарлықтай түсіріп жіберді. Экономикалық өсім үшін ресурс ретінде арзан жұмыс күшін пайдаланатын елдер даму жолында елеулі проблемаларға кездесіп жатыр. Қазіргі кезеңде адам капиталының рөлі, әсіресе, білім саласында бірден өсіп барады. Сондықтан, адам капиталына салынған инвестиция елдің дамуына және қоғамның әл-ауқатының артуына септігін тигізеді, — деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда адами капиталды дамыту мәселелеріне жеке тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі кезеңде маман әзірлеу жүйелерінің сапасын жаңа деңгейге көтеру, кадр дайындау сапасы мен еңбек нарығындағы сұраныстың арасындағы алшақтықты қысқарту — негізгі міндет.


null

Мемлекет басшысы бұл міндеттерді жүзеге асыруға қажетті шараларға арнайы тоқталды. Кәсіби техникалық білім беру жүйесін жаңғырту, жоғары білім берудің кәсіпорындармен, бизнеспен байланысын күшейту қажет. Президент жоғары білім беру жүйесін жетілдіріп, шетелдік жоғары оқу орындармен академиялық байланыс орнатуға Шетелдік инвесторлар кеңесі өз үлесін қоса алатынын атап өтті.

- Кез келген компанияның басты байлығы — адам. Сондықтан кәсіпорынның кіріс мөлшеріне қарай қызметкерлерге сыйақыларды әділ үлестіру маңызды. Бұл — әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі кілті. Бұл отандық кәсіпорындарға да, шетелдіктер қатысқан компанияларға да қатысты. Ұлттық табыстың әділ бөлінуі — әр мемлекеттің негізгі міндеті, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қатысушыларға Үкіметтің білім беруді және ғылымды дамытуға бағытталған жаңа Мемлекеттік бағдарлама әзірлеп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, аталған бағдарлама жобасы жұртшылықпен, жұмыс берушілермен және инвесторлармен кеңінен талқылануы тиіс.


null

Соңында Қазақстан Президенті Кеңестің келесі пленарлық отырысын Шикізаттық емес экспортты дамыту тақырыбына арнауды ұсынды.

Жиын барысында ҚР Сыртқы істер министрі Б.Атамқұлов, ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов, ҚР Жоғарғы сот Төрағасы Ж.Асанов, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сэр Сума Чакрабарти және «Қазақстан шетелдік инвесторлар кеңесі» ассоциациясының басқарма төрағасы Агрис Прейманис сөз сөйледі.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/adam-kapitalyna-salyngan-investiciya-eldin-damuyna-septigin-tigizedi-kazakstan-prezidenti_a3545033”

SOCIAL NETWORK
Иследования
Обзоры
Теги
Александр Фельдман — базарный аферист и политический приспособленец Bloody list of Djako and Yusufov Порешать Черкассы: Культенко просит Зеленского назначить Лебедцова губернатором 9 млн Коррупционное освещение. Как “Киевгорсвет” украл у киевлян 15 Корниенко  Тема расследования махинаций Роскомснаббанка и ответственности главы Башкирии Радия Хабирова вычищается из СМИ. СКРИН Олигарх влияния Гуцериев: российский олигарх Михаил Гуцериев работает на азербайджанскую разведку Ашимбаев Костюк Василий Патох Шодиев объявлен в розыск Интерполом Любовь Демидова: советский функционер с капиталистической хваткой расписание Ціна правди Инна Рафальская: самозванка и аферистка ТЕГИ манікюр Луцька міська рада Олександр Котис штормове попередження сильний вітер Деловые связи главы ПАО «Россети» Павла Ливинского и его ближайшего окружения Кубок Англии   Развитие Дмитрий Рылько Грузавтотранс Андрей Сизов дублеры Как Токарев Капитал в слепой траст отправлял Андрей Садовый проблема
Поиск
О НАС
  • На нашем сайте вы всегда можете найти ежедневно обновляемые актуальные новости со всех регионов странны, без субъектива и политической ангажированности. Среди основных рубрик нашего сайта, которым мы отдаём предпочтение стоит выделить новости экономики, новости политики, новости строительства и недвижимости, новости туризма и новости здравоохранения.

Бизнес-планы
Go to TOP