Loading...

Мемлекеттік мекемелер кеңселерді жалға алу үшін 1,8 млрд теңге жұмсаған

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Биыл 142 мемлекеттік органға кеңсені жалға алу үшін 1,8 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Ильдар Уйсумбаев мәлім етті.





Брифинг барысында ол 2018 жылы 735 кәсіпкерге жергілікті атқарушы органдарының ғимаратындағы 29 мың шаршы метр орын жалға берілгенін жеткізді.


«Нәтижесінде мемлекет 178 млн теңге пайда тапқан. Алайда 142 мемлекеттік органға ауданы 52 мың шаршы метрді құрайтын кеңсені жалға алу үшін 1,8 млрд теңге жұмсалған», — деді Уйсумбаев Астанадағы ұлттық бюро ғимаратында өткен брифингте.



Сонымен қатар департамент директоры мемлекеттің мекемелер кеңселердегі орындары дұрыс пайдаланбайтынын жеткізді. Оның айтуынша, мемлекеттік аппаратты орналастырудың бекітілген арнайы ережесі мен нормасы бар.


«Яғни басшының кабинеті 20 шаршы метрден, қабылдау бөлмесі 10 шаршы метрден аспауы қажет. Ал әрбір мемлекеттік қызметкердің орны 7 шаршы метр болуы шарт. Тексеріс нәтижесінде Қазақстан бойынша (мемлекеттік органдар – автор) 382 мың шаршы метр аумақты артық пайдаланғаны анықталды. Бұл аумақты тиімді пайдалануға болады. Яғни 382 мың шаршы метрді ойтайландыруға немесе 163 мың шаршы метрді қысқарту керек. Егер (мемлекеттік органдар отырған – автор) аумақты оңтайландырсақ, жыл сайын 1 млрд теңгені үнемдеуге болады», — деді Ильдар Уйсумбаев брифингтен соң.



Осы орайда ол республика бойынша 7,5 мың мемлекеттік мекемеге инвентаризация жүргізілгенін, нәтижесінде Алматы, Түркістан, Павлодар облыстары және Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік органдар өздеріне тиесілі аумақты дұрыс пайдаланбағаны анықталғанын атап өтті.


Источник: “https://baq.kz/kk/news/kazakstan-ekonomikasi/memlekettik_mekemeler_kenselerdi_zhalga_alu_ushin_18_mlrd_tenge_zhumsagan20181227_173300”

SOCIAL NETWORK
Иследования
Обзоры
Теги
Поиск
О НАС
  • На нашем сайте вы всегда можете найти ежедневно обновляемые актуальные новости со всех регионов странны, без субъектива и политической ангажированности. Среди основных рубрик нашего сайта, которым мы отдаём предпочтение стоит выделить новости экономики, новости политики, новости строительства и недвижимости, новости туризма и новости здравоохранения.

Бизнес-планы
Go to TOP