Loading...

Астаналықтар аязға қарамастан марафонға қатысты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елорда тұрғындары аязға қарамастан II Аstana Winter Marathon-2018 марафонында жүгірді.

Қазақстанның денсаулық елшісі Марат Жыланбаевтың қатысуымен II Аstana Winter Marathon-2018 марафоны өтті. Оған 12-74 жас аралығындағы азаматтар қатысты. Спорттық шара Триатлон паркінде ұйымдастырылды.

«Бүгін таңғы 9-да 1600-ден астам адам жүгіруге шықты. Сонша адам марафонға қатысуға өтініш білдірді. Олар 21, 10, 5 қашықтыққа жүгіруде. Ауа райына байланысты біз 42 шақырымды 21-ге қысқарттық. Бұл халықаралық ережелердің талабына сай келеді. Онда ауа температурасы -20 градустан төмен болса, жарыс кейінге қалдырылады немесе болмайды деп жазылған. Біз барлығын ережеге сай жасадық», — деді танымал марафоншы.

Сонымен қатар ол осы уақытта еліміздің басқа да қалаларында марафон ұйымдастырылғанын жеткізді.

«Атырауда 107 адам, Павлодарда 60 адам жүгіреді. Орал, Екібастұз, Ақтөбе қалаларынан да қатысушылар бар. Олар да медаль алады. Жалпы біз 2 мың медаль жасадық», — деді Марат Жыланбаев.

Марафонға жүгіруге мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысты.

Айта кетейік, жарыстың мақсаты – ауа-райына қарамастан дене шынықтырумен және спортпен белсенді түрде айналысуға шақыру, жас спортшыларды қолдау және бұқаралық спортты насихаттау.

Жарыс бағдарламасы бойынша қатысушылар 21 км, 10 км және 5 км қашықтыққа жүгіреді:
— 21 км жартылай марафонға 18 жастағылар және одан жоғарылар;
— 10 км қашықтыққа серіктесіп жүгіруге 14 жастағылар және одан жоғарылар (ата-аналарының/қамқоршыларының жазбаша келісімі арқылы);
— 5 км қашықтыққа 12 жастағылар және одан жоғарылар (ата-аналарының/қамқоршыларының жазбаша келісімі және бірге қатысуы арқылы) жіберіледі.

Жеңімпаздар медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал мәреге жеткен қатысушыларға естелік медальдар беріледі.

Фото/видео: Нұржас Жақсыбай


Источник: “https://baq.kz/kk/news/sport/astanaliktar_ayazga_karamastan_marafonga_katisti20181223_104500”

SOCIAL NETWORK
Иследования
Обзоры
Теги
Поиск
О НАС
  • На нашем сайте вы всегда можете найти ежедневно обновляемые актуальные новости со всех регионов странны, без субъектива и политической ангажированности. Среди основных рубрик нашего сайта, которым мы отдаём предпочтение стоит выделить новости экономики, новости политики, новости строительства и недвижимости, новости туризма и новости здравоохранения.

Бизнес-планы
Go to TOP