Loading...

Елбасы тапсырмасы: Астана әкімі жас кәсіпкермен алмабақ мәселесін талқыламақ


АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін Астана әкімі Бақыт Сұлтанов пен атыраулық жас кәсіпкер, бағбан Тамила Розметова елордада алма өсіру жайын талқылайды. Бұл туралы бүгін «Назарбаев Университетінде» өтіп жатқан Self-made форумы аясында атыраулық бағбан Тамила Розметова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ешкі фермасын 2013 жылы мемлекеттің қолдауымен ашқан едік. Шаруашылықты ашуға қажетті қаражаттың жартысын мемлекет несие ретінде бөлсе, жартысын өз қалтамыздан шығардық. Ал алма бағын 2005 жылдан бері өсіріп келеміз. Атырауда 150 гектар алқапта алманың суыққа, желге шыдамды 32 сұрпын өсіреміз. Бұл сұрыптарды аграрийлеріміз тәлімбақта Астана үшін де арнайы бейімдеп отыр. Алма ағаштарының Астанаға да жерсініп, 2-3 жылдың ішінде жеміс беретіндігіне сеніміміз мол»,- деді Розметова.




null

Сонымен қатар ол Жастар жылының ашылу салтанаты аяқтала салысымен Астана әкімі хабарласқанын айтты.

null

«Форумнан шыққанымызға жарты сағат болмастан Астана әкімі хабарласты. Ол бізді бүгін кездесуге шақырды. Онда алма ағашы қайда, қай аумақта егілетіндігін, қанша жер керектігін талқылаймыз. Инженер-агрономдарымыздың алма ағашын егу жоспарына сай сызба дайындап қойдым. Алма бағының балабақша не мектептің немесе қандай да бір жастар қозғалысының әлде әкімдіктің қарамағында болатындығын бүгін шешеміз. Жалпы бұл бақ Астанаға сыйлығымыз болмақ. Алма ағашын егуді көктемде бастамақ ойымыз да бар», — деді Тамила Розметова.

Естеріңізге сала кетсек, Жастар жылының ашылу салтанатында атыраулық 27 жастағы кәсіпкер Тамила Розметова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан Астанада алма бағын салу үшін жер сұраған болатын.

Мемлекет басшысы алма бағына арнайы орын бөлуді Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа тапсырған еді.

null


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/elbasy-tapsyrmasy-astana-akimi-zhas-kasipkermen-almabak-maselesin-talkylamak_a3491658”

SOCIAL NETWORK
Иследования
Обзоры
Теги
Поиск
О НАС
  • На нашем сайте вы всегда можете найти ежедневно обновляемые актуальные новости со всех регионов странны, без субъектива и политической ангажированности. Среди основных рубрик нашего сайта, которым мы отдаём предпочтение стоит выделить новости экономики, новости политики, новости строительства и недвижимости, новости туризма и новости здравоохранения.

Бизнес-планы
Go to TOP