Loading...

Астанада кезекті «AQMOL» сауда дүкені ашылды


АСТАНА. ҚазАқпарат — Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «AQMOL» дүкендер желісінің кезекті сауда орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шағын сауда дүкенінде халық көп тұтынатын азық-түлік түрлерінің бай ассортименті қойылған. Атап айтқанда, көкөністер, ет және сүт өнімдері, нан өнімдері, өсімдік майы және тағы басқалар.

Дүкенге 118 әртүрлі мекемелер тауар жеткізсе, оның 30-ы Ақмола облысының тауар өндірушілері, яғни саудаға қойылған тауардың 800 түрі осы өңірден тікелей жеткізіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дүкеннің ерекшелігі жоғары сапалы азық-түлік пен бағаның қолжетімді болуы.

Осымен 5-інші сауда нүктесінің ашылу рәсіміне Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қатысты.

«Дүкеннің басты артықшылығының бірі — тауар өндірушіден сатып алушыға тікелей жеткізілуі. Одан бөлек, бағаның қолжетімді болуы. Атап айтсақ, еттің бағасы Астана нарығынан 20% арзан, ұн 45% арзан, сол секілді басқа тауарлар да осындай төмен бағамен сатылады. Бұл бір жағынан елорда халқын сапалы әрі қолжетімді азық- түлікпен қамтамасыз етсек, екінші жағынан Ақмола облысы тауар өндірушілерінің Астана нарығына тікелей шығу мүмкіндігі кеңеюде. Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын табады», — деді елорда әкімі.

Осы ретте ақмолалық тауар өндірушілер алдағы жылы қала бойынша тағы 2 сауда нүктесінің ашылатынын айтып өтті.

Айта кетсек, жаңадан ашылған «AQMOL» азық-түлік дүкені қаладағы Сығанақ көшесі, 5\4 («Мисон» тұрғын үй кешені) мекенжайы бойынша ашылды.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/astanada-kezekti-aqmol-sauda-dukeni-ashyldy_a3468653”

SOCIAL NETWORK
Иследования
Обзоры
Теги
Поиск
О НАС
  • На нашем сайте вы всегда можете найти ежедневно обновляемые актуальные новости со всех регионов странны, без субъектива и политической ангажированности. Среди основных рубрик нашего сайта, которым мы отдаём предпочтение стоит выделить новости экономики, новости политики, новости строительства и недвижимости, новости туризма и новости здравоохранения.

Бизнес-планы
Go to TOP